Мектептің 9-11-сынып оқушылары аралас форматта білім алады – Аймағамбетов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектептің 9-11-сынып оқушылары аралас форматта білім алады – Аймағамбетов
ашық дереккөз

«Мен мұны маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім бернеше айдан кейін мемлекеттік аттестация тапсыратын және мемлекеттік емтихан тапсыратын 9-11-сынып оқушылары үшін маңызды. Олар үшін бүгінде білім алудың маңызы зор. Біз оқу бағдарламасының 70 пайызын дәстүрлі форматта, 30 пайызын қашықтан оқитынын айтып отырмыз. Мұны аралас оқу деп атаймыз», - деді министр.

Сөз арасында мектеп оқушыларына қандай пәндер ден қойылатынын түсіндіріп өтті. «Ең алдымен бірыңғай ұлттық тестілеу мен қорытынды аттестацияға қажетті пәндер болады. Яғни, математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тағы басқалары. Бұл пәндер бірінші кезекте дәстүрлі форматта оқытылады. Ал қалған пәндерді қашықтан оқуға қалдырамыз», - деді Асхат Аймағамбетов. Оффлайн форматта оқытылғанмен, карантиндік шараларға айрықша мән берілетіні белгілі болды. «Бір кабинет, әртүрлі уақытта үзіліс, әлеуметтік қашықтық. Барлық керек шаралар қадағаланады. Санитарлық талаптар сол күйінде қалады. Біз Білім және ғылым министрлігі ретінде балалардың дәстүрлі оқуын жалғастырғанын қалаймыз. Бірақ санитарлық нормалар бар», - деді ол.