Министр: Биыл педагогикалық мамандыққа түсіп жатқандар ҰБТ-да орташа есеппен 90-100 балл алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Министр: Биыл педагогикалық мамандыққа түсіп жатқандар ҰБТ-да орташа есеппен 90-100 балл алды
ашық дереккөз

«Алтын белгі иегерлерінің педагогикалық мамандықты таңдағандарының саны биыл екі есеге жуық өсіп отыр. Жалпы осы педагогикалық мамандықтарға түсетін шекті балл 50 болса, біз оны 70-ке дейін көтердік. Бірақ соған қарамастан биыл үлкен конкурс болды. Алтын белгі алған иегерлер барып жатыр. Педагогикалық мамандыққа барып жатқандардың орташа балын осыған дейін 60-65 балл деп қынжылып айтатынбыз. Енді биыл куә болдық, өте белсенді қатысып жатыр. Осы шаралардың нәтижесінде орташа балл 90-100 балға дейін барды. Бұл қазіргі уақытта педагогикалық мамандықтарға өте мықты, өте білікті, өте білімді жастарымыздың барып, қызығушылық танытып жатқанын көрсетеді», - дейді министр.

Айта кетейік, министр алдағы жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға артатынын мәлім еткен болатын.