Алдағы жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға артады – Аймағамбетов
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«2021 жылдың қаңтарынан бастап барлық педагогтардың жалақысы 25 пайызға арттырылады. Айта кету керек, педагогтардың жалақысын көтеру туралы сөз қозғағанда біз тек мектеп мұғалімдерін ғана емес, балабақшалар, колледждер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтерін де қамтимыз», - деді БҒМ басшысы.
Министр сондай-ақ біліктілік санаты үшін қосымша төлемдер туралы да айрықша атап өтті. «Бізде мұғалім өз жалақысының 30-50 пайызын қосымша ала алады. Егер ол шебер болса, ол ай сайынғы қосымша төлем ретінде жалақысының 50 пайызын ала алады. Ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлерді тексергені, сынып жетекшілігі, магистр дәрежесі үшін біздің әріптестеріміз алғаш рет ай сайын 27 мың теңге көлемінде қосымша ақы ала бастады», - деді Асхат Аймағамбетов. Сөз арасында ЖОО оқытушыларының жалақысы да артқанын мәлім етті.
Ұқсас жаңалықтар