Елімізде жабылған 5 университеттегі 45 мың студент басқа ЖОО-ларға ауыстырылды – министр
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде жабылған 5 университеттегі 45 мың студент басқа ЖОО-ларға ауыстырылды – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112785014630553.webp)
ашық дереккөз
«Еліміздегі 5 университеттің 70 шақты лицензиясын қайтарып алдық. Онда оқып жатқан 17 мың студентті басқа университеттерге көшірдік. Оның бәрі қазір оқуын оқып жатыр. Сондай-ақ бес университетті толығымен жаптық. Ол жердегі 45 мың студентті басқа университеттерге ауыстырдық. Олар да қазір оқуын жалғастырып жатыр», - деді А.Аймағамбетов.
Сөз арасында министр колледждердің де сапасына ерекше мән берілетінін айрықша атап өтті. «Сол сияқты ЖОО-ларға ғана қатысты емес колледждер бойынша да тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Соның ішінде биыл 300 лицензиядан 130 колледж айырылды. Бұл да үлкен жұмыс. Ары қарай да бұл жұмысты міндетті түрде жалғастырамыз. Жалпы ЖОО-лардың сапасына, мазмұнына деген талаптарды күшейтіп жатырмыз», - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар