Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
ашық дереккөз

Ержан Қазанбаев 1983 жылы 28 ақпанда Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген. Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2010 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысының м.а., сарапшы. 2010-2012 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы. 2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының бастығы. 2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Мемлекет міндеттемелерін басқарармасының саясат басқармасының басшысы. 2013-2016 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қ. 2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры. 2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.