Сенат мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенат мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады
ашық дереккөз

«Бұл Заң жобасы «Мемлекет басшысының 2019 жылы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы» 10 қыркүйектегі Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасының негізгі бағыттары: Уәкілетті органның құзыретін кеңейту; Жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту; Спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі; Білім беру саласына жаңалықтар алып келу; Уәкілетті органның құзыреті ұлттық спорт түрлері бойынша тізбені бекіту қызметімен толықтырылды. Ал жергілікті атқарушы органдар құзыреті келесі қызметтермен толықтырылды: - дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлер санын арттыру; - халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт нұсқаушыларының санын арттыру; - ауыл халқы арасындағы дене шынықтыру-сауықтыру қызметі; - балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтар желісін кеңейту. Спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі мыналарды қарастырады: - мүгедектер мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды қоса алғанда, оларға тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету; - тұрғын үй кешендерін салу кезінде мүгедектер мен жүріп-тұруы шектеулі топтардың қолжетімділігін ескере отырып, спорт алаңдарымен қамтамасыз ету қажеттілігі. Білім беру саласында жаңалықтар: -білім берудің барлық деңгейіндегі дене тәрбиесі сабақтарына ұлттық спорт түрлерін енгізу. Біз күтетін нәтиже: - Барлық жас санатын қоса алғанда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық санын 45%-ке ұлғайту; - Өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау; - Тұрғылықты жері бойынша бұқаралық спортты дамыту жөнінде халықпен жұмысты ұйымдастыру; -  Спортшыларды медициналық бақылау үшін жағдай жасау»,-деді Ақтоты Райымқұлова. Сөз соңында министр бұл Заң жобасын қабылдау - елде бұқаралық спортты дамытуға, ұлт денсаулығын нығайтуға жаңа серпін беретінін, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық негативті салдары болмайтынын айтты.