Иорданияда «Абай бұрышы» ашылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Иорданияда «Абай бұрышы» ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211278666466510.webp)
ашық дереккөз
Абай Құнанбайұлы шығармаларының араб тіліндегі кітабының тұсаукесері іс-шараның басты оқиғасы болды. Осы ретте ректор Аляаддин әл-Халхули жергілікті жастар арасында қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау үшін университет қабырғасында көрнекті классиктің шығармаларымен бұрыш ашудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның Елшісі Айдарбек Тұматов өз сөзінде де бұл тезиске баса назар аударып, осы іс-шара екі елдің мәдени мұраларын байланыстыратын қосымша көпір болатынына сенім білдірді.
Іс-шара аталған университет басшылығы мен студенттері, сондай-ақ Елшілік қызметкерлері мен қазақстандық диаспораның қатысуымен өтті.
Ұқсас жаңалықтар