Геннадий Головкин Р4Р санатындағы үздік боксшылардың қатарына кірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Геннадий Головкин Р4Р санатындағы үздік боксшылардың қатарына кірді
ашық дереккөз

ESPN өз сайтында салмақ санатына қарамастан үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл рейтингте орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) үздік ондықта қалып, соңғы орынды америкалық WBA титулының иегері Джервонт Дэвиспен (24-0, 23 KO) бөлісті. ESPN-дің толық P4P рейтингі келесідей: 1. Теренс Кроуфорд 2. Сауль Альварес 3. Наоя Иноуэ 4. Эррол Спенс - кіші 5. Теофимо Лопес 6. Тайсон Фури 7. Василий Ломаченко 8. Александр Усик 9. Хуан Франциско Эстрада 10. Геннадий Головкин 10. Джервонта Дэвис.