«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі биыл 305 шара өткізді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі биыл 305 шара өткізді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114501034337420.webp)
Оның айтуынша, биыл «Рухани» бағдарламасы үшін маңызды жыл болды. «Пандемия кезінде ҚР Ұлттық музейі, «Болашақ» корпоративтік қоры, «Астана дарыны» орталығы, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы сынды және басқа да бірқатар мекемелермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп, меморандумға қол қойылды. Бұл тұрғыда алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады. Жалпы, 2020 жыл «Рухани» бағдарламасы үшін маңызды жыл болды. Елбасының идеясымен ҚР Ұлттық музейде ежелгі өнер және технологиялар мұражайы залы ашылды. Осы идеяны жүзеге асыра алғанымыз, яғни Нұр-Сұлтан қаласында осындай залдың ашылуы біздің кеңсеміздің биылғы жылы атқарған маңызды әрі қорытынды жұмыстарымыздың бірі болды деуге болады. Осы залда Қазақстанда табылған ең соңғы «Алтын адамның» эксклюзивті нұсқасы қойылды. Бұл зал елордалықтар мен қала қонақтары үшін қызықты болады деп ойлаймыз», - деді Ақерке Жұманбаева.