Ресей мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы туралы онлайн конференция өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресей мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы туралы онлайн конференция өтті
ашық дереккөз

Конференцияны ұйымдастырушылар - ҚР Сауда және интеграция министрлігі, "Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ қолдауымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі, "Деловая Россия" жалпыресейлік қоғамдық ұйымы. ОНЛАЙН-конференцияның іскерлік бағдарламасы пленарлық отырыстан, 2 мастер-класстан, дөңгелек үстел мен В2В келіссөздерден тұрды. Конференцияның модераторы "Деловая Россия" ЖШҚ Бас кеңесінің мүшесі, SOLOGY компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушы М.А. Доротов болды. Қазақстан Республикасының РФ-дағы сауда өкілі Н.Борамбаев және "Деловая Россия" ЖШҚ Вице-президенті, атқарушы комитетінің басшысы Н.С.Каграманян қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Пленарлық отырыста "Қорғас" ШЫХО, "Плюс Банк" ЖАҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, Ритейл нарығы сарапшыларының ресейлік қауымдастығы, ЕАЭО Іскерлік кеңесі, "Рост-актив" ӨК, "Агрофуд" ЖШС, "SOLOGY"КТ өкілдері сөз сөйледі. Конференция жұмысына 78 адам, мастер-кластар – 50-ге жуық, дөңгелек үстел – 26, В2В келіссөздерге қазақстандық және ресейлік компаниялардың 13 өкілі қатысты. Конференция қатысушыларының пікірінше, іс-шараның мақсатына қол жеткізілді - екі елдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қызу диалогы өтті, атап айтқанда: компаниялар Қазақстан мен Ресей нарығындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, банк секторының өкілдері қаржылық қолдау құралдары туралы хабардар етті. Жеке блок сауда желілерімен жұмыс істеуге арналды. Проблемалық мәселелер, сондай-ақ Қазақстаннан Ресейге және керісінше азық-түлік жеткізу бойынша заңнамалық және практикалық аспектілер талқыланды.