Сенат депутаттары елшіліктерге жер учаскелерін беру туралы заң жобасын қарады
Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Аталған заң жобасы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астаналарында екі елдің дипломатиялық өкілдіктердің қажеттіліктері үшін жерді уақытша өтеусіз пайдалану шартымен жер учаскелері берілетін Келісімді ратификациялайды. Осы мақсаттарда жер учаскелері 49 жыл мерзімге беріледі және кейіннен осындай мерзімге ұзартылып отырады. «Келісімде жер пайдаланудың, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес оларға берілетін жер учаскелерінде елшіліктердің ғимараттары мен құрылыстарын салудың шарттары, тәртібі айтылады. Бұдан басқа, екі тарап бір-біріне коммуналдық құрылыстарға барлық қажетті қосылуларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға көмек көрсетеді», – дейді сенатор Нұржан Нұрсипатов. Комитет Төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, қабылданатын ратификация екі мемлекет арасындағы дәстүрлі, достық қарым-қатынасты нығайтып, дипломатиялық өкілдіктер жұмысының тиісті жағдайларын қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша құжат Палатаның қарауына жіберілді.