Сенат кедендік рәсімдерді цифрландыруды және жеңілдетуді талқылады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сенат кедендік рәсімдерді цифрландыруды және жеңілдетуді талқылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114503623039697.webp)
ашық дереккөз
Заң жобасы іскерлік ахуалды жақсарту, кедендік рәсімдерден өту мерзімдері мен тәртібін оңтайландыру мақсатында әзірленген. «Заң жобасы мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытын қысқартуға, кеденшілердің ақпараттық жүйесінің жұмысындағы қателіктерге байланысты ереже бұзу фактілері болған жағдайда декларанттарды жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік береді», - деді сенатор Сергей Карплюк Заңның қабылдануы кедендік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қолданыстағы тізімге енгізу және алып тастау процесін толық цифрландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға электрондық қолдау қызметтерін пайдалану құқығы беріледі.
Ұқсас жаңалықтар