Жылыту маусымы басталғалы бері 2 768 өрт болды – ҚР ТЖМ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жылыту маусымы басталғалы бері 2 768 өрт болды – ҚР ТЖМ
ашық дереккөз

Оның айтуынша, өткен жылыту маусымының сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт санының 5,4 пайызға өскені байқалады. Өрт кезінде мерт болғандар саны 11,6 пайызға, улы газбен улану салдарынан (өрт туындамай) 53 пайызға төмендеген. Өрттің туындауы, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы қаупін азайту мақсатында ТЖ министрлігі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ауқымды профилактикалық жұмыс ұйымдастырды. «Полиция департаменттерімен бірлесіп пиротехникалық қауіпсіздік бұйымдарын рұқсат етілмеген сату орындары бойынша 33 рейд жүргізілді. Рейд барысында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігінің талаптары түсіндірілді. 222 нұсқама өткізіліп, онда 2 414 адам қамтылды. 3 710 дана үгіт-насихат материалы таратылды. Ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалардың, дәмханалардың, клубтардың иелері болып саналатын жеке кәсіпкерлік субъектілерімен 3 дөңгелек үстел өткізілді, онда мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі.