Биыл жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды – Бектенов
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды – Бектенов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114499443294887.webp)
ашық дереккөз
«Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды көбейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда. Соңғы өзгерістер туралы айтар болсақ, өткен жылдың соңында енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілік институты, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру», - дейді Олжас Бектенов.
Сөзін жалғай отырып, мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алмауы туралы мәселені де түсіндіріп өтті. «Биыл сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды. Мемлекет қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлықтың субъектілер құрамы кеңейтілді және комплаенс қызметтерінің институты енгізілді», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар