Елордада жыл басынан бері 113 млрд теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жыл басынан бері 113 млрд теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114503239682432.webp)
Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен (2019 жылы – 105 қызмет жеткізуші) келісімшартқа отырған. Олардың 32-сі – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 35, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 30, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 77, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекеме – 12. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындар саны - 1 171 302 (ҚР бойынша - 18 809 210). Олардың ішінде 648 978 тұрғын жеңілдігі бар санатқа жатады, бұл барлық тұрғындардың 55%-на жуық, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша: 540 768 – жалдамалы жұмыскерлер; 47 899 – жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтіндер – 28 155; бірыңғай жиынтық төлем бойынша жарна аударғандар - 169 504; өз бетінше жарна төлейтіндер саны - 15 572. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сақтандырылған тұрғындар саны - 965 735 (бұл елорда тұрғындарының 82,4%-ға жуығы.) Елордада сақтандырылмаған азаматтар үлесі 17,6%-құрайды.