Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерді қайта жалға берген күдікті қолға түсті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерді қайта жалға берген күдікті қолға түсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114506315676470.webp)
ашық дереккөз
Елорда тұрғыны тәртіп сақшыларына жүгініп, жалдамалы пәтермен байланысты алаяқтық фактісі болғанын хабарлаған. Тергеу барысында полицейлер елордаға таяуда ғана келген 27 жастағы Қызылорда облысының тумасын ұстады. «Күдікті пәтерді бірнеше күнге жалдап, одан кейін оны зардап шегушіге 110 мың теңгеге ұзақмерзімге жалға берген. Қазіргі уақытта оның жалпы сомасы 400 мың теңгеден асатын дәл осындай 5 факті бойынша пәтерді үшінші тұлғаға жалға беру алаяқтығы дәлелденіп жатыр. Ұсталған күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды, тергеу жүргізілуде. Оның елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде», - делінген таратылған ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар