Бауыржан Смайлов Астана-Аймақтық электржелілік компаниясының қызметкерлерімен кездесті
Шара барысында Бауыржан Смайлов қызметкерлерді төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен құттықтап, алдағы сайлаудың ел келешегі үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан тұрғындарға және заңды тұлғаларға электр энергиясын тасымалдау және үлестіру жөніндегі ірі энергетикалық компания ұжымымен кездесуімнің негізгі мақсаты «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстыру. Соның ішінде бағдарламада елордамызды жақсартуға негізделген 10 тармақ бар. Бас қаламызға қоныс аударушылар саны жыл өткен сайын өсіп келеді. Сондықтан жыл сайын жаңа тұрғынүй нысандарын салу мен балабақшалар ашу күн тәртібіндегі мәселе. Қаланы газдандыру және шеткі аймақтардың жағдайы, жол мен қоғамдық көліктердің ахуалы да бағдарламадан тыс қалған жоқ. Алдағы бес жылда партиямыз жоспарды жүзеге асырып, тұрғындар жағдай жақсарады деген сенімдемін», - деді ол. Айта кетейік, жетекші партия алдын-ала праймериз өткізу кезінде халықтың пікіріне назар аударған еді. Сондықтан бұл бағдарлама халықтың сұранысынан туындаған деп айтсақ та болады.
Көктем Қарқын