Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарына мемлекеттік наградаларды тапсырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарына мемлекеттік наградаларды тапсырды
ашық дереккөз

Салтанатты жиында Мәулен Әшімбаев іс-шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізді өркендету және егемендікті нығайту жолында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. «Президентіміз биылғы Жолдауда елдің даму бағытын айқындап, жаңа жағдайдағы басымдықтарды белгілеп берді. Оларды нәтижелі іске асыру – баршамыздың міндетіміз. Мемлекет басшысының жаңғырту бағдарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті заңдар қабылдап жатырмыз. Осы ретте сенаторлардың әр заң жобасын қарау кезіндегі белсенділіктерін ерекше атап өткен жөн. Соның нәтижесінде бірқатар заң жобасына маңызды өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Депутаттық сауал кезінде де қоғамды алаңдатқан, көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтеріліп жүр», – деді Мәулен Әшімбаев. Мемлекеттік наградамен наградталған Сенат депутаттарынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Парасат» орденімен Мұхтар Жұмағазиев, «Құрмет» орденімен Дана Нұржігітова, Әлімжан Құртаев және Нұржан Нұрсипатов марапатталды. Сенат аппараты қызметкерлерінен «Парасат» орденімен Аппарат басшысы Әлия Рақышева, «Құрмет» орденімен Аппарат басшысының орынбасары Марат Уақпаев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі Жарқынбек Жақсымбетов, Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Еламан Қоңыров және Сенат Аппаратының бас консультанты Наталья Сартаева марапатталды.