Рухы мықты жандарға «Nur Otan» партиясы жәрдемдесетін болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Рухы мықты жандарға «Nur Otan» партиясы жәрдемдесетін болады
ашық дереккөз

Олардың ең басты мәселесі жұмыспен қамту және қоғамдық көліктердегі қозғалыс жайында болды. Кандидат Нұрғали Кенжебаев: "Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше мән беру керек. Оларды сәби кезінен бастап өмірге бейімдеп, мұқтаждық көрмейтін тұлға болып қалыптасуына ықпал етуіміз қажет. Бұл мәселе партиямыздың ең үлкен бағыттарының бірі. Әрбір рухы мықты жанды жұмыспен қамту біздің мақсатымыз", - деп ерекше жандарға партия әрқашан жәрдемдесетінін айтты. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында мүгедек жандарды ерекше атап өткен болатын. Оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешуді тапсырған еді. Еске сала кетейік, бір ай ішінде партияның барлық жақтастары, депутаттыққа кандидаттар, сондай-ақ белсенділер үгіт жұмыстарын жүргізеді, олар 2021 жылғы 8 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс беретін болады. Нұр-Сұлтан қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.