ТЖД: Бір розеткаға бірнеше тоқ көзі қосылып, электр желілеріне ауыртпашылық түсуінен өрт пайда болады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ТЖД: Бір розеткаға бірнеше тоқ көзі қосылып, электр желілеріне ауыртпашылық түсуінен өрт пайда болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114515913618863.webp)
ашық дереккөз
«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Тәуелсіздік күні, жаңа жыл мейрамдарын ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады. Отты пайдалану, тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Қандай да бір сауалдарыңыз туындаса департаментіміздің ресми сайтынан ала аласыздар. Сонымен қатар, аумақтық бөлімшелерге жүгіне отырып, тиісті сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар», - дейді Еркін Отарғалымұлы.
Сөзін жалғай отырып, электр желілеріне ауыртпашылық түсірмеуіне көңіл бөлінуі керек екенін нықтап тұрып айтты. «Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар! Электр желілерін пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар! Көбіне электр желілеріне ауыртпалық түсіп жатады, бір розеткаға бірнеше тоқ көзін қосып, ауыртпалық түсіріп жатамыз. Мұның бәрі өрттің туындауына әкеліп соғады. Сақ болайық!» - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар