Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау бес жылда 331 есе өсті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау бес жылда 331 есе өсті
ашық дереккөз

Speedtest Global Index мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша қазан айында 176 елдің ішінде 63-ші орынға ие болды. Осылайша, бір ай бұрынғыға қарағанда бірден 4 пунктке, ал бір жыл бұрынғыға қарағанда 6 пунктке жоғарылады. Онлайн төлем қазақстандықтар үшін төлем жасаудың негізгі әдісіне айналуда. Биылғы он айда қазақстандықтар интернет және ұялы телефондар арқылы 21,3 трлн теңгеге сауда-саттық пен т.б. төлемдер жасады. Бұл бір жыл бұрынғыдан үш есе, ал бес жыл бұрынғыдан 331 есе көп. Қазақстандық және шетелдік карталар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер 81,4% құрайды.