Елордада бүгінге дейін 23 934 адам карантиннен шығарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бүгінге дейін 23 934 адам карантиннен шығарылды
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласында 13 наурыз - 10 желтоқсан аралығында 16 880 коронавирус инфекциясы тіркелген. Оның ішінде 10 440 симптомды, 6 440 симптомсыз күйде анықталды. Қала бойынша сырқаттанушылық көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есе жоғары. Ал 100 мың адамға шаққанда 1 461,2-ні құрады. Қазақстан бойынша – 764,6», - дейді елорданың бас санитарлық дәрігері.

Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, бүгінге дейін анықталған науқастардың 416-сы сырттан әкелінген жағдай, 11 534 жергілікті, 4 930 байланыста болған адамдардың арасынан шыққанын айтты. «Қазіргі уақытта 23 934 адам карантиннен шығарылды. 15 583 адамда амбулаториялық емдеу аяқталды және ауруханалардан емделіп шықты. Бүгінге дейін 340 адам қайтыс болды. 837 адам стационарлық және амбулаториялық ем алып жатыр. Коронавирус инфекциясының тіркелуі жалғасуда. Тәулігіне 50-120-ға дейін ауру белгілері бар жағдайлар тіркеледі», - дейді Жанна Пірәлиева.