ҰЭМ: Қызмет көрсету саласының қалпына келуі жалғасуда
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҰЭМ: Қызмет көрсету саласының қалпына келуі жалғасуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114526214682443.webp)
Осылайша, оның айтуынша, есептік кезеңде Қазақстан экономикасында келесі үрдістер байқалуда. Құрылыс саласы жоғары өсуді және өңдеу өнеркәсібі салалары серпінді өсуді көрсетуде. Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік жақсаруда, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс қалпына келе бастады. Нақты сектордың өсуі 2%-ке дейін жеделдеді. Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны минус 5,9%-ке дейін жақсарды. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің өсуі минус 2,8% деңгейінде қалыптасты. Жылдық инфляция 7,3%-ті құрады. «Динамикалық жақсарудың базалық факторлары – өндіруші емес секторларға тартылған инвестициялар, экономиканы кредиттеу, нақты сектордың өсуі және қызметтер саласының жандануы, сондай-ақ экономиканы қолдау бойынша іске асырылып жатқан шаралар болып табылады», - деді ҰЭМ басшысы. Өңдеу өнеркәсібі салаларында серпінді өсу сақталуда. Фармацевтика – 39,5%, жеңіл өнеркәсіп – 15,5, машина жасау – 16,4, оның ішінде автомобиль жасау – 52,6% деңгейінде жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. «Қарашаның көрсеткіштері қызмет көрсету секторының жанданғанын көрсетті. Атап айтқанда, сауда 17,1%-ке, ойын-сауық және демалыс – 17%, техникалық қызмет – 15,9%, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 10,5%, білім беру – 7,6%, байланыс – 4,5%, техника мен бұйымдарды жөндеу – 3,5%-ке ұлғайды. Осылайша, қызмет көрсету саласының қалпына келуі жалғасуда», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.