Студенттердің онлайн тапсыратын экзаменін бақылайтын жүйе қалай жүргізіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Студенттердің онлайн тапсыратын экзаменін бақылайтын жүйе қалай жүргізіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114527424323609.webp)
«Емтихандардың онлайн форматта әділ өтуін енді компьютерлер қадағалайды. Қазіргі студент – болашақта сіз бен біздің өмірімізге әсер ететін маман. Диплом алған маман дұрыс білім алып шығуы керек. Кейін олар өзімізді емдейді, сотта судья болады, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді және өзге де күнделікті пайдаланатын қызметтерді көрсетеді», - деді М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU төрағасы. Онлайн прокторинг – қашықтан емтихан тапсыру кезінде көшіруді және басқа да әділетсіздіктің алдын алатын цифрлық шешім. Оны әлемнің озық университеттері қолдануда. Сапалы онлайн прокторинг тірі адам сияқты студентті дәл сол уақытта веб-камера арқылы бақылап, артық қимыл жасамауын қадағалайды. Студенттің көз және ерін қимылдарын бақылап, шпоргалка пайдаланса немесе бөлмедегі бөтен адамнан көмек сұраса бірден анықтайды. Емтихан аяқталғаннан кейін жүйе тек студент қимылының ғана емес, компьютерінің экранында ашқан сайттар мен құжаттар бейнесін сақтайды, күдікті әрекеттер хаттамасын жасайды және студенттің «күдік рейтингін» есептеп шығарады. Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, KAZGUU қазіргі уақытта онлайн-прокторинг сәтті қолданылып келеді. «Онлайн форматта сапалы біліммен қамтамасыз етудің белгілері: білім алушылардың оқу контентіне қолжетімділігі, "e-learning"-ге арналған тұрақты жұмыс істейтін платформаның болуы, сабаққа қатысуды және материалды игеруді есепке алу, белгілеу, оқытушылардың студентпен әрқашан кері байланыста болуы, онлайн-емтихандарды өткізу барысында прокторингті қолдану. Яғни, онлайн білім беру кезінде офлайнмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс болған жоқ», - деп атап өтті басқарма төрағасы.