Карантин уақытында 43 млрд теңге үнемделді – әкім
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Карантин уақытында 43 млрд теңге үнемделді – әкім](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114530530795657.webp)
ашық дереккөз
«Пандемия кезінде Президент тапсырмасына сәйкес, біраз қаражат үнемделді. Көптеген іс-шаралар қысқартылды. Мәдени шаралардың көбі онлайнға өтті. Соның есебінен қаражат та қысқартылды. Карантин уақытында 43 млрд теңгені үнемдедік. Бұл қаржыны медициналық көмекке, яғни қажет құрал-жабдықтарды алуға, дәрігерлердің үстемақысын төлеуге жұмсалды. Сол сияқты білім саласын, яғни әлеуметтік саланы қолдауға да бағытталды. Компьютерлер, роутерлер сатып алынды. Бұдан бөлек, қаражат дәрі-дәрмек сатып алуға, бағаны тұрақтандыруға, инфрақұрылымға жұмсалды», - дейді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, Алтай Көлгінов онлайн брифинг барысында елордада салынатын мұзқалашықтарға қаржы қандай жолмен жасалатынын түсіндіріп өткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар