1 млн теңгелік сертификат құны келер жылы 1,5 млн теңгеге артады – Алтай Көлгінов
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Маңызды мәселенің бірі – қолжетімді баспананы дамыту. Бұл тұрғыда тұрғындар тарапынан сұраныс зор. Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде 48 мың елордалық тұр. Жыл соңына дейін қолжетімді баспана бойынша 8 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2 мыңнан аса пәтер болса, алдыңғы жылы 1 100 пәтер болды. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл біз қолжетімді баспана құрылысын үш есеге көбейттік. Жалпы көлемі 3 миллион шаршы метр болатын баспана салу – өте ауқымды жұмыс. Осы салада еңбек етіп жүрген мамандар үшін барлық жағдай жасалуда. Қолжетімді баспана бойынша бастапқы жарнаға құю үшін берілетін миллион теңгелік сертификаттар саны да артты. Келер жылы сертификат құнын 1,5 миллион теңгеге көтеретін боламыз», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар