Елорданың ПТР тест лабораториялары күніне 11 мың адамның сынамасын анықтауға қауқарлы – әкім
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың ПТР тест лабораториялары күніне 11 мың адамның сынамасын анықтауға қауқарлы – әкім](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211452741125086.webp)
ашық дереккөз
«Жыл басында қаламызда бір ғана ПТР тест лабораториясы болса, қазір олардың саны 17-ге дейін жетті. Бұл біздің қуатымыз тәулігіне 11 мыңға тарта адамның тест нәтижесін анықтауға қауқарлы дегенді білдіреді. Ал тест нәтижесінің шығуы жазда бес күнге дейін жетсе, қазір төрт сағат ішінде алуға болады», - дейді әкім.
Алтай Көлгінов сөзін жалғай отырып, стационарларда мини лабораториялар ашылғанын тілге тиек етіп өтті. Айтуынша ем қабылдап жатқан науқастар бұл лабораториялардан небәрі екі сағат ішінде тест нәтижесін алуға болады. «Денсаулық сақтау министрлігімен бірге бұл жұмыс ары қарай да жалғаса береді. Мәселен, ведомствоаралық комиссия шешімі бойынша шетелден әуе рейстерімен келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтамасы жоқтары карантинге жатқызылады. Тексеру жүргізілгеннен кейін ғана қалаға кіргіземіз. 6 қазаннан бүгінге дейін 4,8 мың жолаушы карантиндік стационарларға жатқызылды. Олардың арасынан 28 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды», - дейді қала басшысы.
Ұқсас жаңалықтар