Сайлау-2021: Дауыс берушілер өз учаскесін қалай анықтай алады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сайлау-2021: Дауыс берушілер өз учаскесін қалай анықтай алады
ашық дереккөз

«2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы алдында азаматтарға арналған сайлау учаскелерін тексеру бойынша сервистер іске қосылды. Сайлау учаскесін мынадай төрт тәсіл арқылы тексеруге болады:Біріншісі, әкімдіктің сайтының бастапқы бетінде «өз сайлау учаскеңізді табыңыз» баннері арқылы тексеруге болады.Екіншісі, Smart Astana мобильдік қосымшасының қалалық қызметтер бөлімінде анықтауға болады.Үшіншісі, Smart Astana telegram чат-ботының қызметтер бөлімінде тізім мен учаскені табуға болады.Төртіншісі, 24/7 режімінде жұмыс істейтін 109 нөмірі бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы анықтауға болады», - дейді Асқар Таксимов.

Оның айтуынша дауыс беруші өзінің ЖСН-ін, аты-жөнін немесе тұрғылықты мекенжайын жазу арқылы анықтайтынын мәлім етті. Бүгінге дейін 152 мыңнан астам адам өзінің сайлау учаскесін тексеріп шыққанын тілге тиек етіп өтті.