Қазақстан мен Швеция Корольдігі Абайдың 175 жылдығына арнап онлайн іс-шара өткізді
Шараға ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Орынбай Жанайдаров және кітапханашылар қатысты. [caption id="attachment_51745" align="alignnone" width="696"] Фото Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметінен[/caption] Онлайн форматтағы іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахманов сөз алды. «Бұл Қазақстан мен Швеция арасындағы академиялық топтар мен әдебиет және өнер саласындағы өкілдерін біріктіретін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары» іс-шарасын салтанатты түрде ашу – мен үшін зор мәртебе. Елбасы бастаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар өткіздік. Қазір де жалғасуда. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көптеген мәселелерді көтерді. «Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңсеміз көтеріліп, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз» деген ұғым сыртта жүрген дипломаттар үшін өте маңызды деп санаймын», - деді ол. [caption id="attachment_51746" align="alignnone" width="696"] Фото Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметінен[/caption] Өз кезегінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева АбайдыңШығыс пен Батыс мәдениетін байланыстырушы тұлға екенін атап өтті. «Абай Шығыс пен Батыстың мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Әлемнің көптеген ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Абай – шын мәнінде ежелгі әлемнің барлық інжу-маржандарымен сусындаған адам. Қазақ әдебиетінде жаңа бастаманың бастауы болғандығы туралы оның еңбектерінен байқауға болады. Абайды әр оқыған сайын, оның өлеңдерінен әр адам өзінің өміріне қатысты, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістермен тікелей байланысты жаңа құпияны ашады. Басқа бір ойдың әлеміне еніп, оның шешімін тапқан боламыз. Абай данышпандығының құпиясы да осында жатыр», – деді Үмітхан Мұңалбаева.