Қазақстандық былғары қолғап шебері жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық былғары қолғап шебері жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады
ашық дереккөз

MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен өтетін Ұлыбританиядағы бокс кешінде Виктор Коточигов ирландиялық Гэри Каллинге (11-0, 5 КО) қарсы жұдырықтасады. Боксшылар жеңіл салмақтағы WBO тұжырымының Еуропаның чемпионы белбеуі үшін қолғап түйістіреді. Естеріңізге салсақ, 27 жастағы Виктор Коточигов соңғы жекпе-жегін тамызда Дубайдағы бокс кешінде өткізіп, британиялық Макси Хьюзге (22-5-2, 4 КО) жол берген болатын.