«Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу өтті
ашық дереккөз

2020 жылы мемлекетіміз үшін қиын жағдай орын алды. Ол әлемді жайлаған аты шулы індет “короновирус”. Осыған орай «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы бүгін 18 қараша күні сағат 15:00 - де онлайн Zoom конференциясын өткізді. Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп,  алдағы  уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін көп тер төгілуде және дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағы заң аясында өзара үйлесімділікпен дамуда екені өздерінізге мәлім. Конференцияға Денсаулық сақтау ісі жөніндегі белсенді өкілдер қатысты. Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының «№7 қалалық емхана» және «№11 қалалық емханасының» ақ халатты абзал жандар қызметкерлері қатысты, сондай-ақ денсаулық сақтау ісі жөніндегі басқа да өкілдер қатысып, өз ойымен бөлісті. Іс-шара барысында қазіргі уақыттағы пандемия мен күрес үстінде жүрген ақ халатты абзал жандарға қолдау шаралары талқыланды. Дәрігерлерді қолдау аясында онлайн Zoom конферецияларын жиі өткізіп аталмыш маңызды мәселелерді көтеру оны дәріптеу бәріміз үшін маңызды!