Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет – комитет төрағасының жауабы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет – комитет төрағасының жауабы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114530124567607.webp)
Оның айтуынша, бұл кибержаттығу келер жылдың қаңтар айында өтетін сайлауға қатысы жоқ. «Жалпы, қауіпсіздік сертификаты еліміздегі техникалық стандарттар бойынша қызмет көрсетеді. Бұл сертификат та басқа сертификаттар сияқты қауіпсіз. Егер сертификаттың ішіне үңіліп көрсеңіз, онда әлем елдерінің жүздеген сертификатын байқайсыз. Мысалы, Бразилия, Германия, Жапония сияқты кете береді. Сол сияқты Қазақстан да өз аумағына сондай сертификат енгізді. Ол ешкімге зиян әкелген жоқ. Бұл қауіпсіздік сертификаты интернет қолданушылардың қандай сайтқа кіргенін, қандай құпия код жазғанын аңдымайды. Бұл жерде адамдар жұмыс істемейді. Барлығы автоматтандырылған. Осы ретте азаматтар Конституциямен қорғалады. Егер күдікті азаматты тексеру керек болса, ол арнайы Қылмыстық кодекс бойынша жүзеге асырылады. Оның соңында Бас прокуратура тұр. Жалпы, құқық қорғау органдары тиісті деңгейде жұмыс жүргізеді. Егер интернет хакер басқа адамның жеке ақпараттарына қол сұққаны анықталса, ол да заң алдында жауап береді. Қазақстан тарапы мұндай жағдайға қатаң қарайды», - деді комитет төрағасы.