Жыл сайын мемлекеттік секторларға миллиондаған кибершабуыл жасалады – Цифрлық министрлік
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жыл сайын мемлекеттік секторларға миллиондаған кибершабуыл жасалады – Цифрлық министрлік](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114530944733571.webp)
Сөз арасында киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаттары құпиялылық, тұтастық және қолжетімділік екенін айрықша атап өтті. Айтуынша қазір қолжетімділік қағидаты бойынша қиындықтар туып отырған көрінеді. «Мысал ретінде айта кетейін, Электрондық үкіметтің әрбір ірі ақпараттандыру объектісі, сол сияқты қаржы секторы да үнемі түрлі кибершабуылдарға ұшырайды. Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздіктің миллиардтаған оқиғалары тіркеледі. Бір ғана 2020 жылы 4 млрд-қа жуық оқиға тіркелді. Сол сияқты миллиондаған кибершабуыл жасалады. Шамамен 200 миллион кибершабуыл анықталды», - дейді ол. Сөзін жалғай отырып, пандемия уақытында жұртшылықтың қашықтан жұмыс істеу форматына көшуіне байланысты бұл проблема тіптен үдеп кеткенін жеткізді. Ал бұған еліміз дайын болмай шығыпты.