Орталық сайлау комиссиясы ADAL партиясының тізімін тіркеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Орталық сайлау комиссиясы ADAL партиясының тізімін тіркеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114535822365813.webp)
Оның айтуынша, «ADAL» партиясының партиялық тізімінде 16 адам бар, оған бес әйел және 29 жасқа толмаған азаматтар енгізілген. Яғни бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. «Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ол. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.