Мемлекеттік Туды қандай жағдайда пайдалануға болмайды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мемлекеттік Туды қандай жағдайда пайдалануға болмайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114538541989751.webp)
ашық дереккөз
Сөз басында Мемлекеттік Туды пайдалануға болмайтын жағдайлардың бірі ретінде оны теріс қаратып қоюға немесе оның бірнәрсеге тиіп, жерге салбырап тұруына, соның нәтижесінде кірлеуіне жол берілмейтінін айтып өтті. «Мемлекеттік Тудың бетіне сурет салынуына немесе одан киім тігілуіне, төсек-орын жабдығын тігуге тыйым салынады. Тек бір ғана жағдайда, яғни халықаралық жарыстарға баратын спортшылардың киіміне Мемлекеттік рәміздерді бейнелеуге рұқсат беріледі», - деді Ақтоты Райымқұлова. Айта кетейік, министр онлайн брифинг барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін өзгертулер енгізіліп, енді Мемлекеттік Туды балкондарға ілуге рұқсат берілгенін мәлім етті.
Ұқсас жаңалықтар