Мемлекеттік Туды пайдалануда қандай шектеулер қойылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік Туды пайдалануда қандай шектеулер қойылады
ашық дереккөз

«2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысымен ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ ҚР Гимнінің мәтінін пайдалану, орнату, орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ендігі кезекте енгізілген өзгерістердің нәтижесінде азаматтарымыз үшін Мемлекеттік Туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтіліп отыр.Біріншіден, атап айтқанда ҚР Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейілігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануға рұқсат беріледі», - дейді министр.

Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, ҚР Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс екенін айрықша атап өтті. «Жеке және заңды тұлғалардың ҚР Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік Туына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы, ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушілік болып саналады. Мемлекеттік Ту ұлттық стандарттарға сәйкес келмеген жағдайда ол ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуы және жойылуы тиіс. ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес Ұлттық стандарт талаптарына сай келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған», - дейді А.Райымқұлова.