Жеке тұлғаларға Мемлекеттік туды бір немесе көпқабатты ғимараттарда пайдалану мүмкіндігі беріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеке тұлғаларға Мемлекеттік туды бір немесе көпқабатты ғимараттарда пайдалану мүмкіндігі беріледі
ашық дереккөз

«Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды. Екіншіден, жеке тұлғаларға осы қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын бір қабатты немесе көпқабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан, пайдалану мүмкіндігі беріледі. Бұдан былай жеке тұлғалар ғимараттарда орналастырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын тәуліктің қараңғы уақытында жарық құралдарын қолданбай пайдалана алады. Жалпы, осы өзгерістер еліміздің Мемлекеттік туының қолданылу аясын едәуір кеңейтеді», - деді ол.