Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарын қабылдады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарын қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114540514497518.webp)
ашық дереккөз
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.
Ұқсас жаңалықтар