Жанбота Алдабергенова: Бәрі сәтті болса, медаль алатын мүмкіндік бар
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жанбота Алдабергенова: Бәрі сәтті болса, медаль алатын мүмкіндік бар](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114539824157003.webp)
ашық дереккөз
«Биыл Қытайда өтеді деп жоспарланған әлем чемпионатына дайындықты күшейту үшін бапкерлер әлем кубогінің алғашқы кезеңіне қатыспауды жөн көрді. Ал жалпы алғанда, қазіргі әлеуетіміз жаман емес. Шаңғы акробатикасынан Қазақстан командасы 1 қазаннан бері Минскіде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Мұнда біз суға секіріп жаттығудамыз. Тағы бір айта кетерлігі, бұрын-соңды біз пайдаланып көрмеген трипл-трамплин арқылы дайындық жүргізудеміз. Бұл өте пайдалы әрі нәтижелі болары сөзсіз. Егер жақсы секіріп, құламайтын болсақ, алдағы жарыстарда үздіктер тұғырынан көрінетін мүмкіндік бар», - дейді Жанбота.
Ұқсас жаңалықтар