Елордалық балалар би жұбы Мәскеуде өткен ашық кубокта жеңіске жетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық балалар би жұбы Мәскеуде өткен ашық кубокта жеңіске жетті
ашық дереккөз

Астаналық Латкен Аляуддин мен Томирис Айманбетова Мәскеуде өткен «спорттық би тарихы» бойынша Ресей би одағының ашық кубогында бірінші орын алды, деп хабарлады Elorda.info.

Балалар би жұбы «Ювеналы-2» және «Латина» номинациялары бойынша сынға түсті. 

Жеке бапкерінің айтуынша аталмыш жарыс ағартушылық және тәрбиелік маңызы зор спорттық шара аясында өтті.

Бишілерді сәтті дебютімен құттықтаймын. Бұл жұп екі санат бойынша сайысқа түсіп жеңіс тұғырынан көрінді. Қазіргі таңда балалар Астана қаласындағы екі би клубын яғни,  «Bravos» және «Амоre Vita» ұсынып жүр. Турнир барысында би аңыздары, көрнекті бишілер мен осы спорт түрінің қайраткерлері туралы айтылды. Алдағы жоспарымыз осы жылдың сәуір айында Блэкпул (Лондон Англия) турниріне қатысып, жүлделі орындарға ие болу»,- дейді балалар би жұбының  жаттықтырушысы Владислав Польских.

Айта кетейік,  Латкен Аляуддиннің жаңа серіктесі Томирис Айманбетова – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ал Латкен – көптеген әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының жүлдегері мен финалисі.