Елордалық боксшы өзбекстандық екі дүркін Азия чемпионын жеңді
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Делидегі әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Қазақстан сапынан жерлесіміз Римма Волосенко шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Ол Өзбекстандық Ситора Турдибекодан басым түсіп, жарыстың келесі айналымына өтті. Бәсекеде сынға түскен қос спортшы үш раунд бойы тартысқа толы жекпе-жек өткізіп, өзара мықтыны төрешілер шешімімен анықтады.
Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті (4:1). Римманың келесі қарсыласы - Армения өкілі Элида Кочарян.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
LRT құрылысы: Тіректерді тұрғызу жұмыстары толық аяқталды
20 қыркүйек, 2024
Елордада білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі пысықталды
20 қыркүйек, 2024
Мәслихат отырысында МӘМС мәселесі көтерілді
20 қыркүйек, 2024
Елордада мәдениет саласының қызметкерлері инклюзивті орта құруды талқылады