Елордада «Жанашыр жүрек» республикалық халықтық қайырымдылық акциясы өтті
Достық үйінде Астана қаласы ҚХА-ның «ПАРАСАТ» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы ұйымдастыруымен «Жанашыр жүрек» республикалық халықтық қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты қарттар, көпбалалы отбасылар және ерекше қажеттіліктері бар балалар санатындағы 60 отбасы азық-түлік себеттерін алды.
Іс-шараның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету. Акция күндіз басталды. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық этномәдени бірлестіктері қатысты.
Қазақстан Республикасының күрдтер «Барбанг қауымдастығы» АҚБ Астана қалалық филиалы» қоғамдық бірлестік төрағасы Шамо Фатоев жерлестеріне қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
«Бүгін біз еркін және тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Барлық қазақстандықтар халықтар достығы – біздің еліміздің баға жетпес байлығы екенін түсінеді. Сенімсіз әр түрлі ұлт өкілдері арасында мемлекеттің өркендеуі болмайды, демек қарапайым адамдардың бақытты өмірі де болмайды деген сөз. Тек игі істер ғана қоғамға деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі, өйткені адамдар бір-біріне мейірімді, өз әрекеттері үшін жауапты болады», - деді қоғамдық бірлестік төрағасы Шамо Заарович.
Естеріңізге сала кетейік, елордалық Ассамблея жұмысының маңызды бағыттарының бірі қайырымдылықты дамыту болып саналады. Астана қаласының «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы 2019 жылы Достық үйінің жанынан әлеуметтік саясатты қолдау және дамыту мақсатында құрылды.
Орталық көптеген адамдарға көмек көрсетеді, оған: балалар, қарттар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар кіреді. Үш жыл ішінде Орталық мұқтаж адамдарға көмек көрсету бойынша үлкен және ауқымды жұмыс атқарды.
Айта кетейік, биыл Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, жалпы сомасы 38155 млн теңгеге 3655-тен астам отбасына қолдау көрсетті.