Елордада «Бұрқасын-2022» жарысы өтіп жатыр
Дәстүрлі жарыс елорданың қақ ортасында Есіл өзенінің үстінде өтіп жатыр. Қатысам деушілерге шектеу қойылмаған.
Осы шараға балалардың қатысып жатқаны қуантады. Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салты ерте жастан басталады. Ата-аналардың балаларын спортқа бейімдеп жатқаны қуантады, – деді Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.
Аталған спорттық шараға елордалық мектеп оқушылары белсенді қатысып жатыр.
«Бұрқасын-2022» жарысына біздің мектептен 13 оқушыны әкелдік. Тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер де қатысуға ниет білдіріп жатыр. Балаларды осындай шараға қатыстыру спортты сүюге ықпал етеді. Біздің оқушыларымыз жыл сайын осы шараға қатысып, белсенділіктерін көрсетуде, – деді елордадағы №58 гимназия мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дамир Майқынов.