Елордалық жастар әйелдер қауымына гүл шоғын таратты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық жастар әйелдер қауымына гүл шоғын таратты
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласының еріктілер штабы мереке қарсаңында елордалық қыз-келіншектерді құттықтау үшін дәстүрлі «1001 лала гүл» акциясын бастадық.  Шарамызға белсенділік танытып жатқан гүл саудасындағы қызметкерлер мен кәсіпкерлерге және еріктілер штабына алғысымыз шексіз», -  деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Тастемір Ағұлан. Бүгін базарлар мен дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін әйелдер қауымына 500 дана гүл таратылады. Мерекеге орай гүл алған Астаналық базарда қызмет ететін әйелдер қауымы мен сатып алушылар көңілдері көтеріліп, алғыстарын білдірді. «Мерекемен құттықтап жатқан еріктілерге көп рахмет. Аналар, апалар мен сіңілдерімді мейрамымызбен құттықтаймын, оларға барлық жақсылықты тілеймін», - деді сатушы Динара Медетова. «Астана жастары» волонтерлерінің атынан Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қыз-келіншектерге гүлдер таратамыз. Мақсатымыз нәзік жандылардың көңіл - күйін көтеріп, қуаныш сыйлау», -  деді ерікті Баубек Оразбеков. Биылғы жылы еріктілермен бірге нәзік жандыларға гүл үлестіруге «SOS»  балалар қалашығының тәрбиеленушілері де қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар балаларды әлеуметтендіруге және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді деп санайды. "1001 лала гүл" акциясы 3 күнге жалғасады.