«Отырар» кітіпханасында «Әдеп және парасат» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Отырар» кітіпханасында «Әдеп және парасат» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті
ашық дереккөз

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева, Білім және ғылым министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Бекимова, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, ҚР Сыбайлас жемқорылққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Парасат жолы» орталығының жетекшісі С.Түгел, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Қамбаров,  академик Д.Қамзабекұлы, «Отырар» кітіпханасының директоры Б.Оразалиев және онлай форматта аймақтардың Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдері мен студенттер қатысты. [caption id="attachment_66427" align="alignnone" width="696"] фото авторы Сұлтан Сейітов[/caption] «Бүгінгі кездесудің мақсаты – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға енгізілген өзгерістерді жариялау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық, адалдық, сенім құндылықтарын барынша насихаттау және сыбайлас жемқорлықпен күресуде тәжірибе алмасу. «Парасат жолы» қоғамға қозғау салатын үлкен күшке айналып отыр. Бүгін аталмыш орталық «Отырар» кітапханасынан да ашылса екен. Парасатты адам жемқорлыққа жоламайды. Кеселден арылмай алға жылжи алмаймыз. Қазақстан бойынша 12500 кітапхана бар. Ұлттық академиялық кітапханадан бастау алған «Парасат жолы» орталығы еліміздегі барлық кітапханаларда ашылады» деді қоғам қайраткері С.Түгел. «Орталықта әр апта сайын қоғам өкілділерімен кездесулер ұйымдастырылады. Қоғамда болып жатқан мәселелер талқыға түседі. Елге белгілі зиялы қауым өкілдері жастарға жол көрсетсе дейміз» дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева. Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ