Елордадағы үрлемелі оркестрдің «Өнер тынысы» концерті өтті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы үрлемелі оркестрдің «Өнер тынысы» концерті өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112279919720002.webp)
ашық дереккөз
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/02/957b0038-d26e-4c3c-abe2-90338be1e272-1024x678.jpg)
Концертке үрлемелі аспаптар квинтеті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Светлана Айтбаева және Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының өзге де әртістері қатысты.
Үрлемелі оркестр концерттік бағдарламасында Еркеғали Рахмадиевтің «Гаухар тас», «Дайрабай» әндерін, Ескендір Хасанғалиев әндерінен құралған попурри, Дархан Рахымғалиевтің өңдеуіндегі Нұрғиса Тілендиевтің шығармасы, Астор Пьяццолланың «Либертангосын» және тағы да басқа танымал композициялар орындалды.
Айта кетсек, бас дирижер Вероника Дударова атындағы Бүкілресейлік оркестрлік дирижерлер байқауының I дәрежелі лауреаты Дархан Рахымғалиев болды.
Ұқсас жаңалықтар