Елордада жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада басталды
ашық дереккөз

Олимпиадаға 19 орта мектеп, 27 мектеп-лицей, 33 мектеп-гимназия, 6 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп және 9 жеке мектеп қатысады. Олимпиада апта бойы, күн сайын бірнеше пән бойынша өтеді: 22 ақпан – химия, биология; 23 ақпан - физика, география; 24 ақпан - математика, информатика; 25 ақпан - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті 26 ақпан - Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын, неміс және француз тілдері. Олимпиада қорытындысы бойынша 2021 жылдың 2 наурызында онлайн режимде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы номинациялар беріледі: "Олимпиаданың жаңа есімі - 2021", "Олимпиаданың ең жас қатысушысы - 2021", "Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы - 2021", ЖМБ және ГҒБ (І, ІІ және ІІІ дәрежелі) бағыттары бойынша "Үздік олимпиадалық команда - 2021". Олимпиаданың әр күні аяқталғаннан кейін "Астана дарыны" ДДжПС сайтында (astanadaryny.kz) және Telegram-чатта қатысушылардың жұмыстары, дұрыс жауаптар және пәндері бойынша хаттамалар жарияланады.