Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112285036164346.webp)
23 ақпаннан 24-іне қараған түні қала жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 700-ден астам арнайы техника мен 100-ден аса жол жұмысшы жұмылдырылды.
[caption id="attachment_66305" align="alignnone" width="300"] фото astana.gov.kz[/caption]
Бүгін, яғни 24 ақпанда қар күреуге 2000-ға жуық жол жұмысшы мен 1 200-ден аса арнайы техника шықты.
Айта кетейік, бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер күреледі. Одан әрі – орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. орындар.
[caption id="attachment_66306" align="alignnone" width="300"]
фото astana.gov.kz[/caption]
Күрелген қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар күреу 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.