Түлектер мен студенттерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түлектер мен студенттерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
ашық дереккөз

Онлайн жәрмеңке ZOOM платформасында сағат 11.00-ден 13:00 аралығында өтеді.  Іс-шараны ұйымдастырушы - "Астана жастары" ЖРО. Жұмыс ізденушілер үшін қаланың жұмыс берушілерінен түрлі салалардағы бос жұмыс орындары ұсынылады. Осы іс-шараға жұмыс ізденуші ретінде қатысқысы келетіндер алдын ала тіркелуі керек. Ал жұмыс берушілер +7 702 626 62 63 телефоны немесе job.astana.kz@mail.ru e-mail арқылы хабарласа алады.