Алтай Көлгінов елордада жаңадан пайда болатын қоғамдық орындар туралы айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов елордада жаңадан пайда болатын қоғамдық орындар туралы айтты
ашық дереккөз

"Биыл аумақтарды абаттандырып, қала тұрғындары мен қонақтары уақытын тиімді өткізетін жаңа көпшілік орындар құру жұмыстарын жалғастырамыз. Мысалы, қала саябақтарын жасыл артерияға айналдыруды жоспарлап отырмыз: велосипед пен жаяу жүргіншілер жолдары жасалады. Тұрғындар жаздың шуақты мезгілдерін ерекше жақсы көредi. Қалаға бір жағажай жеткіліксіз. Ақбұлақ өзенінің жағалауын абаттандыруды шештік. Қалада жаңа жағажай пайда болады. Оқушылар сарайының жанында тағы бір скейт-саябақ ашылмақ. Президенттік саябақта тақтай төселген жағалау жоспарлап отырмыз.  Кездесу кезінде спорт федерацияларының басшылары - саябақтарда спортшылар мен басқа да спортпен шұғылданатын адамдар киім ауыстырып, спорт жабдықтары мен заттарын сақтай алатын орын-жайлардың болмауы мәселесін көтеріп еді. Сондықтан Триатлон паркте спорт павильонын ашамыз. Онда киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар мектебі орналасады. Бұл жобаны қаланың басқа саябақтарына кеңейтетін боламыз. Саябақтарды мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделерін ескере отырып дамытамыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар ол былтыр жаңа қоғамдық кеңістіктердің көпшіліктің көңілінен шыққанын атап өтті. "Мысалы, "Көктал" тұрғын үй алабында үлкен саябақ ашылды, "Сарайшық" көпірінің астында спорттық аймақтар пайда болды, қаланың жас тұрғындарының өтініші бойынша алғашқы скейт-аймақ ашылды. 76 гектардан астам жер абаттанды. Қаланың ескі бөлігі мен елдімекендерге баса назар аударылды. Биыл да бұл жұмыс шалғасады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлбақтары, желекжолдар) құру, аула аумақтарын абаттандыру қала тұрғындарына спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын насихаттауға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қаланың барлық аудандарын көгалдандыруды жалғастырамыз. Елбасы атап өткендей, қаланың бас жоспары ғимараттардың, жасыл желектер мен орманның симбиозы ретінде жасалды - "үйлер мен ғимараттардың айналасында ағаштар отырғызылып, аумақ жасыл болуы керек, ғимараттың айналасында бос жерлердің болмауы шарт". Сіз де қаланы көгалдандыруға қатысып, өз үлесіңізді қоса аласыз! Елорданы "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытудамыз", - деді қала әкімі.